Наши филиалы

За нарушение авторских и (или) смежных прав наступает ответственность в соответствии с п.1 ст. 48 Главы 5 Закона РК «Об авторском праве и смежных правах»

Вакансии "Өрлеу"

Қызметкерлермен жұмыс және құжаттамамен қамтамасыз ету басқармасының бастығы бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды

pdf_icon 54

           «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ

 қызметкерлермен жұмыс  және құжаттамамен қамтамасыз ету басқармасының бастығы  бос лауазымына орналасу үшін  конкурс жариялайды

Біліктілік талаптары

Біліктілікке талаптар: жоғары заң білімі  және/немесе қызметкерлерді басқару саласындағы білім және лауазымның тиісті функциональдық  бағытына сәйкес салаларда, оның ішінде төменгі лауазымда кемінде бір жыл жұмыс өтілінің болуы.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының қызметкерлерді басқару жөніндегі заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілерін және әдістемелік материалдарды, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру заңнамасын, болжамдарды құрастыру тәртібін, кадрларға келешектегі және ағымдағы қажеттілікті айқындауды, еңбек нарығын талдау әдістемесі мен мониторингін, ұйымды кадрлармен қамтамасыз ету көздерін, персоналды бағалау жүйесі мен әдісін, кадрлардың кәсіптік-біліктілік құрылымын талдау әдістерін, кадрларға және олардың қозғалысына байланысты  құжаттаманы рәсімдеу, жүргізу және сақтау тәртібін, ұйым қызметкерлері туралы дерекқорды қалыптастыру және жүргізу тәртібін, табелдік есепке алуды ұйымдастыруды, кадрлар қозғалысын есепке алу әдісін, белгіленген есептілікті құрастыру тәртібін, кадрлық қызмет жұмысында заманауи заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндігін, қызметкерлермен жұмыстың отандық және шетелдік тәжірибесін, әлеуметтану, психология және еңбекті ұйымдастыру негіздерін, кәсіби тізілімдер негіздерін, кәсіптік бейімдеу жұмысының негіздерін, іскерлік қатынас әдебі мен мәдениетін, есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын, ісқағаздарын ұйымдастыруды, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртіптеме қағидаларын, өндірістік санитарияны, өрт қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын.

 Лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімді.

 

Лауазымдық міндеттері

 

  •   Қоғам стратегиясына және оның кадрлық саясатына сәйкес адам ресурстарын басқарудың ағымдық және статегиялық жоспарларын әзірлеу;
  •  персоналды іріктеуді, таңдауды, табысты бейімделуін, даярлануын, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
  • адам ресурстарының сандық және сапалық сипаттамаларына жүйелі талдау;
  • жылжыту үшін резервке кадрларды іріктеу мақсатында мамандардың іскерлік қасиеттерін және басқа жеке қабілеттерін зерттеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, оның жаңартылуы мен толықтырылуына бақылауды жүзеге асыру;
  • кадрлық және жалпы ісжүргізуді ұйымдастыру, жүргізу;
  • жеке құрамның  автоматтандырылған есепке алынуын жүргізу;
  • басқару қызметінің бағыттарына қатысты ішкі нормативтік және ұйымдастыру-өкімдік құжаттарын әзірлеу;
  • талдау анықтамаларын, сауалдарға жауаптарды және басқару қызметінің бағыттары бойынша белгіленген есептілікті құрастыру;
  • азаматтар мен заңды тұлғаларды қабылдауды ұйымдастыру,  арыз-шағымдардың қаралу нәтижелері туралы оларға уақтылы хабарлау;
  • құжаттардың (құжат айналымының) өтуін, оның ішінде электронды форматта өтуін есепке алу;
  • істер номенклатурасын құрастыру, оны тиісті архив ұйымдарымен келіу.

 

Жеке қасиеттері

  • икемділік, күрделі жағдайлардан шыға білу;
  • жоғары ұйымдастырушылық;
  • күйзеліске төзімділік;
  • нәзіктік;
  • сыпайылық;
  • жауаптылық.

 

Тапсырылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның қызметкерлермен жұмыс және және құжаттамамен қамтамасыз ету басқармасына электронды түрде (құжаттардың сканирленген көшірмелерін) немесе көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке өзі тапсырады:

  • конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш (сілтеме);
  • түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме)
  • кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы (сілтеме);
  • фотосурет (формат 3*4) немесе оның электронды форматы;
  • мекенжай анықтамасы;
  • жеке басын куәләндыратын құжат (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер үшін - ықтиярхат);
  • қажетті кәсіби білімін, жұмыс өтілін және біліктілігін растайтын

құжаттар (жоғары білімі туралы, біліктілікті арттырғандығы туралы, ғылыми дәреженің берілгендігі туралы  құжаттардың  көшірмелері, жергілікті жері бойынша кадр қызметтерінде немесе нотариуста куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмелері.

ескертпе: құжаттардың көшірмелерін үміткер жеке тапсырған жағдайда көшірмелерді растау талап етілмейді.

  • алдын ала медициналық тексерістен өткендігі туралы анықтама (086Н);
  • қылмыстық құқық бұзушылық және жемқорлық құқық бұзушылықты жасағандығы туралы мәліметттердің болуы немесе жоқтығы туралы анықтама;
  • әскери міндеттілер әскери есепке қойылуын растайтын құжатты тапсырады.
    Конкурсқа келген бойда жоғарыда көрстілген құжаттардың түпнұсқалары тапсырылады.

        Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.

Конкурс өтетін күн, орны, уақыты: 2019 жылғы 30 қыркүйек, 11-00 сағат, 405 каб.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2019 жылғы 25 қыркүйекке дейін мына мекенжай бойынша қабылданады:
Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қ.,   Амангелді к.,61 407 каб. немесе: kuzhat@orleu-edu.kz эл.почтасы

Анықтама үшін телефон: 8(727) 2674584 (ішкі 316) қызметкерлермен жұмыс  және құжаттамамен қамтамасыз ету басқармасы

 

Үміткердің құжаттарды уақтылы емес немесе толық емес тапсыруы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.